Мазмұнға өту

Махмудов Сухраб

Округ №13

Әділеттілік.Іс. Нәтиже.

Мәслихат сайлауы29 қараша
29күн
сайлауға дейін
Сухраб Махмудов — «Әділет» партиясынан кандидат
Сайлау
Алматы қаласы мәслихаты
Округ
№13 бірмандатты округ
Аудан
Бостандық ауданы
Бағдарлама
2026–2031 жылдар

Кандидат туралы

Құрметті алматылықтар!

Депутаттың міндеті

Депутат қалалық қызметтердің орнын баспайды және бюджет қаражатын жеке-дара басқара алмайды. Оның міндеті — тұрғындардың мүддесін білдіру, бюджет пен қалалық бағдарламаларды талқылауға қатысу, депутаттық сауалдар жолдау және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау.

Мен, Сухраб Әбдіғапарұлы Махмудов, «Әділет» партиясы атынан Алматы қаласы мәслихатының № 13 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат ретінде сайлауға түсіп отырмын.

Алматы — бәрімізге ортақ үй. Оның дамуы адамға деген құрметтен, қауіпсіз көшелерден, қолжетімді мектептер мен балабақшалардан, абаттандырылған аулалар мен сенімді қалалық инфрақұрылымнан басталады.

Бостандық ауданы — қаламыздың маңызды аудандарының бірі. Мұнда балалы отбасылар тұрады, кәсіпкерлер жұмыс істейді, студенттер білім алады, түрлі мамандық иелері еңбек етеді. Әрбір тұрғын жайлы әрі қауіпсіз қалалық ортада өмір сүруге құқылы.

Кәсіпкер ретінде мен нақты әрі түсінікті ережелердің, жауапты басқарудың, сапалы инфрақұрылымның және еңбек адамына деген құрметтің қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Осы тәжірибемді тұрғындар, бизнес өкілдері мен қалалық қызметтер арасындағы мазмұнды әрі нәтижелі диалогты дамытуға бағыттағым келеді.

Мен барлық мәселені бір күнде немесе бір ғана шешіммен реттеуге уәде бермеймін. Менің міндетім — тұрғындарды мұқият тыңдау, олардың мәселелерін кәсіби тұрғыдан зерделеу, депутаттың өкілеттігі аясында негізделген шешімдерге қол жеткізу және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беру.

Сухраб Махмудов«Әділет» партиясынан кандидат, №13 округ

Менің ұстанымдарым

Округтің басымдықтарын тұрғындармен бірге айқындауға дайынмын

  • Әділдік
  • Жауапкершілік
  • Еңбекке деген құрмет
  • Заңдылық
  • Ашықтық пен сындарлы диалог
«Әділет» партиясының құндылықтары:әділдікотаншылдықжауапкершілікеңбекқорлықпрогресс

Сайлауалды бағдарлама 2026–2031

Менің басымдықтарым

Бағдарламаның өзегінде сайлау округінің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелер тұр. Аумақтың дамуы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның уақтылы дамуымен қатар жүруі тиіс.

Жаңа нысандар салу кезінде қала құрылысы нормаларының қатаң сақталуын бақылауды күшейтуді қолдаймын. Құрылыс жобалары тұрғындардың қатысуымен ашық әрі жария талқыланып, жан-жақты сараптамадан өтуі тиіс.

Бұл ретте құрылыс салушының экономикалық пайдасын ғана емес, қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін нақты жүктемені де ескеру қажет. Инженерлік желілер қосымша жүктемеге төтеп бере ала ма? Көлік қозғалысына шамадан тыс салмақ түспей ме? Мектептер мен емханаларда орын жеткілікті бола ма? Осындай сұрақтарға алдын ала нақты жауап болуы керек.

Сайлау күні

Сіздің дауысыңыз — округтің болашағы

29қараша2026 жыл, жексенбі
  • Учаскеге келіңіз

    Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

  • Құжатты алыңыз

    Жеке куәлік немесе паспорт қажет.

  • Учаскеңізді біліңіз

    Сайлау учаскесінің мекенжайын ОСК сайтынан немесе eGov арқылы тексеріңіз.

  • Бюллетень алыңыз

    Мәслихат депутаттығына кандидаттар бюллетенін №13 округ бойынша алыңыз.

  • Махмудов Сухраб

    «Әділет» партиясы · №13 округ

Құрметті сайлаушылар!

Сіздер де, мен де барлық мәселенің бір күнде шешілмейтінін жақсы түсінеміз. Алайда мен Алматының, Бостандық ауданының тұрғыны ретінде ортақ үйіміздің жақсарып, гүлденуіне шын жүректен мүдделімін. Сіздердің қолдауларыңызбен көптеген маңызды іске қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!

Мықты аудан — мықты Алматы!

Құрметпен, Сухраб Махмудов